Алматылық ғалымдар қала­ның ауасын тазарту үшін емен, арша, талшын ағаштарын көптеп егуді ұсынып отыр. Әсіресе, көпжылдық зерттеуден кейін талшынның қасиеті таң­ғал­дырған.
Талшынның қасиеті
731
оқылды

Қазір бұл жобамен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универ­ситеті­нің физиолог-генетиктері айналысып жатыр. Экологияны жақсартуға бағытталған ғылыми-өндірістік жұ­мыс­тар биыл көктемде басталады. Емен, арша, талшын ағаштары ауа­да­ғы зиянды қалдықтар мен ауыр металды басқа ағаштарға қарағанда бойына тез сіңіреді дейді ғалымдар. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 5 жылдан аса айналысқан. Содан кейін барып қана нақты іске көшті.

«Мәселен, талшынды алып қа­рай­тын болсақ, бұл бұта тектес өсім­дік 700 жылға дейін өседі. Ал емен 2-3 ғасырға дейін көктей береді. Біз осы ағаштарға көптеген сараптама жасадық. Жапырақтарының құрамын тексеріп, зиянды қалдықтарды жақсы сіңіретініне көз жеткіздік. Жапырақ жасушаларының сондай қасиеті бар», – деді техника ғылымдарының докторы Айтжамал Мусина.

Оған қоса, университеттің ғалымдары мен студенттері емдік шөп түрлерін де зерттеп жатыр. Соның бірі – Алтай үшқаты. Одан биологиялық белсенді қоспа жасап, адам ағзасын тазартуға болады. Жазда ғылыми топ Шығыс Қазақстан облысына экспедицияға аттанады.