Бір Алматының маңында 30 астам қауіпті сілкініс бекеті бар.
"15 қаңтарда Алматыда жер қатты сілкінеді": сейсмологтар болжамын айтты
6,419
оқылды
Әлеуметтік желіде Алматыда жер қатты сілкінеді деген ақпарат тарады. Сейсмологтар бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бүгін Алматыда мамандардың қатысуымен брифинг өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
 
Бір Алматының маңында 30 астам қауіпті сілкініс бекеті бар.
 
"Сілкініске қауіпті бекеттер Алматы аймағында шоғырланған. Осындай 30-дан астам сілкініс бекеті бар. Бұл бекеттердің деректері дереу орталыққа жиналып, ғылыми орталықта талданып, өңделеді", – дейді сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы директорының міндетін атқарушы Нұрсәрсен Өзбеков.
 
Өзбековтың айтуынша, сейсмология саласында еңбек ететіндердің 40 жылдық тәжірибесі бар мамандар, яғни шатасуы мүмкін емес.
 
"Бұл салада еңбек етіп жүрген мамандардың бәрі білікті. Алматы өңірінде болатын жер сілкінісін орталық мамандары 1998 жылдан бері болжап келеді. Болжамдардың бұрыс болғаны жоқ. Былтырлары біз осындай орта мерзімді жер сілкінісі болжамын жасағанбыз. Сол болжам бойынша былтыр күшті жер сілкінісі болған жоқ. Ол кезде Алматыда 7 баллдан асатын, магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болмайды деп болжанған", – дейді сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің Ұлттық ғылыми орталығы директорының міндетін атқарушы.
 
Сейсмологтар биыл қаңтар айының үшінші декадасында Алматыға қатысты орта мерзімге арналған сілкініс қаупін анықтап, байлам жасайды. Ол тиісті мекемелерге жіберіліп, шешім қабылданады.
 
"Әлеуметтік желідегі 15 қаңтарда Алматыда жер қатты сілкінеді деген жалған. Блогерлер қандай негізге сүйеніп айтқаны белгісіз, өйткені оларда ешбір зерттеу құралы жоқ. Алматы және Алматы облысының тұрғындарына үрейленуге негіз жоқ", – дейді Нұрсәрсен Өзбеков.
 
Алматыдағы 33-тен астам сейсмикалық кешенді бекеттерден үздіксіз мәліметтер түсіп, өңделіп жатыр. Өткен сәрсенбіде ғана болжау комиссиясының отырысы болған. Отырыста Алматы өңірінде алынған кешенді деректерді талдап, өз болжамдарын тиісті органдарға жіберген. Биыл Алматыда жойқын жер сілкінісі бола ма, жоқ па болжам нәтижесі қаңтар айының соңында белгілі болады.
 
Жалпы Қазақстандағы сейсмикалық қауіпті аймақтар Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары.