Ақмола облысында түк көрінбейтін ақтүтек боранның салдарынан тағы да ірі жол апаты болды.
Ақмолада 15 автокөлік соқтығысқан ірі жол апаты болды
748
оқылды

Бұл жолы 15 автокөлік соқтығысып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Суыт оқиға Астана-Петропавл тасжолының 150 шақырымында Астана бағытында бүгін күндізгі 11:57-де Жаңаталап ауылының жанында болған. Қолайсыз ауа райының салдарынан Щучинск қаласынан шыққан 100 автокөлік «Тұлпар 503» экипажымен шығарып салынған. Жолда полицияның сүйемелдеуімен келе жатқан автокөліктер аса ірі жол апатының куәсі болған. 

– Тәртіп сақшылары алдын ала жол-көлік апатында арақашықтықты сақтамауынан 15 автокөліктің соғылғанын анықтады. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, – деді Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Ведомстовның хабарлауынша ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция экипаждары 600-ден астам автокөлікті шығарып салған. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы