Алжирде биыл 29 ақпаны мен 2 наурыз аралығында Газ экспорттаушы елдердің мемлекет және үкімет басшыларына арналған VII саммиті өтеді.
Алжирде газ экспорттаушы елдердің мүддесін қорғау үшін саммит өтеді
Фото: dailysabah.com
1,593
оқылды

Осы орайда, саммитті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттауды мақсат тұтқан Алжир Республикасы жиыннан бейне түсірілім жасап, мақала жариялайтын БАҚ өкілдеріне, журналистерге қажетті барлық тиісті іс-шаралар қабылданғанын хабарлап отыр. Бұл туралы Aikyn.kz редакциясына Қазақстандағы Алжир елшілігі хабарлап отыр. 

Атап айтқанда, оларды ұйымдастырушы тарап есебінен қонақүйге тегін орналастырады. Журналистерге барлық жағдай жасалады. Осы мақсатта елорда да осы іс-шараға арнап үш қонақүй арнайы беріледі. Алжирдің жоғарғы органдарының шешімімен, журналистер қауымының жұмысына қолайлы болсын деп барлық қажетті құрал-жабдықтарына дейін  қарастырып отыр. 

Ерекше атап өтер жайт, Алжирге Қазақстаннан министрлік өкілдерімен бірге ілесе келетін журналистерді әуежайдан күтіп алып, таңдаған қонақүйіне жеткізіп, онан соң саммит өтетін Халықаралық конференция орталығы аралығында тасымалдайтын арнайы көліктер де қарастырылған. 

БАҚ өкілдеріне Орталық арқылы тікелей эфирден көрсететін алып экрандар арқылы саммит жұмысын, пленарлық отырыстарды бақылауына мұмкіндік жасалып отыр. 

Алжирде өтетін саммитте газ нарығының болашағы, сонымен қатар газды экспорттаушы елдердің мүддесін қорғау мәселесі де талқыланады.