Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.
Үкіметте Qarmet компаниясы жұмысының өзекті мәселесі талқыланды
743
оқылды

Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Qarmet компаниясы жұмысының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның тұрақты жұмысын және одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, салық, магистральдық теміржол желісін пайдалану, сондай-ақ экологиялық заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар отырыста Қарағанды көмір бассейні шахталарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өзектендіру жоспарлары қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырма берді.