Президент Әкімшілігінің келісімімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Руслан Әлішев облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Руслан Әлішев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: tengrinews.kz
891
оқылды

Президент Әкімшілігінің келісімімен және Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Руслан Әлішев облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы СҚО әкімі баспасөз қызметі мәлім етті.

Руслан Әлішев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

1997 жылы Петропавл экономика және құқық колледжін, 2001 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2006 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін тәмамдаған.

2004-2009 жж. – СҚО «Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2010-2013 жж. – СҚО ішкі саясат басқармасының бас инспекторы, орынбасары және бастығы.

2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары болды.

2013-2014 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті электронды БАҚ басқармасының басшысы лауазымында болды.

2014-2016 жж. – «Нұр Отан» орталық аппаратының саяси жұмыстар департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы.

2016-2018 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Орталық коммуникациялар қызметі» РМБ басшысы.

2019-2020 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

2020-2022 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2022 жылдан бастап «Нұрмедиа» холдингінің басшысы.

2023 жылдан бастап осы тағайындауға дейін «AMANAT» партиясының хатшысы болып еңбек етті.