Оның фотосы желіге тарады.
Құны – 2 миллион теңге: Жанар Айжанова қымбат сыйлық алды
3,055
оқылды

Танымал әнші, әртіс Жанар Айжанова өнердегі қызы, блогер Айжұлдыз Адайбековадан қымбат брендтен сыйлық алды, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

“Адамның өміріне 2 періште беріледі екен. Ол – мама және папа. Режеп айын жақсы істен бастауды жөн көрдім. Ата-анаңды қуанту үшін саған мейрам да, туған күн немесе ерекше уақыт керек емес. Сенің ең қадірлі қолыңда тұрған дүниең – уақыт. Маңызды емес, қандай сыйлық түрі: уақыт өткізу, тамақ дайындап беру, гүл сыйлау, жәй ғана сөзбен махаббатыңды жеткізу, материалдық дүние алып беру. Бәрі де жақсы. Жақсылық жасауды ұмытпаңыз! Мам, мен сізді жақсы көремін”, – деп жазды әншінің блогер қызы желідегі парақшасына.