Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Бишімбаевтың бауыры 2 бап бойынша тергеліп жатыр
фото: egemen.kz
933
оқылды

Қаза тапқан Салтанат Нүкенованың отбасының адвокаты Жанна Оразбахова өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуандық Бишімбаевтың бауырына қатысты 2 бап бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz halyq-uni.kz-ке сілтеме жасап.

«Күдіктінің бауырына қатысты. Мен бұрын жазғанымдай, аса ауыр қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша іс кісі өлтіру туралы негізгі іспен бірге тергелді.

Қазір бауыры 2 бап бойынша күдікке ілініп отыр:

Қылмыстық кодекстің 432-бабы («Қылмысты жасыру»);

Қылмыстық кодекстің 434-бабы («Қылмыс туралы хабарламау»).

Екі бап бойынша да жаза мерзімі 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бауырына қатысты іс пен кісі өлтіру фактісі бойынша негізгі іс бірге қаралады, – делінген адвокат Жанна Оразбахованың хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжілісте Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қуандық Бишімбаевқа қатысты қандай баптар бойынша іс қозғалғанын айтып берген болатын.