Елік мектептің терезесіне қарай секірген.
Мектепке елік кіріп кеткені жайлы видео тарады
Фото: видеодан скриншот
4,516
оқылды

Әлеуметтік желілерде мектептердің біріне елік кіріп кеткені жайлы видео тарап кетті. Видеодағы мектеп Ақмола облысындағы мектеп екені айтылып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Видеода елік мектеп дәлізіне кіріп кеткені көрінеді. Шықпақ болып терезеге қарай секіріп жүр. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видео туралы толығырақ ақпарат алмақ болып Ақмола облысының білім басқармасына хабарластық. 

Ведомство бұл видеоның қайдан екенін білмейтінін, төтенше жағдайлар қызметі түсіргенін хабарлады. Алайда облыстың төтенше жағдайлар басқармасы да бұл жағдайдан хабарсыз болып шықты. Департамент орманшылар мен табиғатты қорғау полициясы білуі мүмкін екенін атады. 

Анықтау үшін Ақмола облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшылығымен де хабарластық. Дегенмен бұл ведомство да еліктің қай мектепке кіргенін тап басып айта алмады. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы