Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.
Ел тарихындағы тұңғыш жеңіс! Илья Мизерныхты Президент құттықтады
819
оқылды

Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды,   деп жазады Olympic.kz. 

Алғашқы мүмкіндіктен соң Мизерных үшінші орнын сақтап қалды. Ал екінші мүмкіндікте нәтижесін жақсартып, кейін бірінші орынға шықты. 

Екінші орында  аустриялық Никки Хамл, үшінші  сатыда польшалық Лукас Лукащук. 

Қазақстан бұған дейін қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль алмаған.