Ақмола облысының Есіл ауданында автокөлік пен электровоз соқтығысып, бір адам қаза тапты.
Ақмола облысында жеңіл көлік пен электровоз соқтығысты, адам шығыны бар
751
оқылды

Полицияның дерегіне қарағанда, тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Жол-көлік оқиғасы 19 қаңтарда Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжінің маңындағы теміржол өткелінде болған. Бұл туралы жедел жәрдем қызметінің диспетчері полицияға хабарлаған.

Анықталғандай, Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматы басқарған  Lexus RX 300  көлігі реттелмейтін теміржол өткелінен өтпек болған кезде Есіл қаласы бағытында жүріп бара жатқан «Дрезина» электровозымен соқтығысқан. Салдарынан автокөліктің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмса, жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал электровоз жүргізушісі зардап шеккен жоқ.

«Қазіргі кезде  полиция жол-көлік оқиғасына байланысты іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу шараларын бастап кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда»,  деп жазды Ақмол облыстық Полиция департаментінен.