Журналист ұлының әкесімен соңғы кездесуінің бейнежазбасын да жүктеген.
Соңғы кездесу: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуінің қазасына байланысты жан тебірентерлік жазба жариялады
18,919
оқылды

Белгілі тележурналист Дана Нұржігіт қазақ жұртына бұрынғы жары, танымал журналист Владимир Рерихтің қазасын естірткеннен кейін, жан тебірентерлік сөзін арнаған, -  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен…

Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық.

Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма,маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің,зиялылығың ерекше еді", - дейді Дана Нұржігіт.

Ол былтырғы желтоқсанда Берлинге билет алғаны жоспарлы сапар болмағанын есіне алады.

"Қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя!

Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің…

Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой…

Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннаттан рахат тапсын!

Кешір мені!", - делінген жазбада.