Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
«Капитал Мечты» қаржы пирамидасы: тұрғындардың 1 миллиард теңгесін қалтаға басқан
Коллаж: Halyq Uni
930
оқылды

ҚМА-ның Маңғыстау облыстық департаменті «Капитал Мечты» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10% төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару және қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

Қаржы пирамидасының басшысы изоляторға қамалды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келген. Жалпы соммасы 1 млрд теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.