Алматы әкімдігі арнайы комиссияның қорытындысын жариялады.
Арнайы комиссия қорытындысы: Алматыда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін бе?
1,512
оқылды

23 қаңтар Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да (қайталанып Алматыда сағат 00:42-де  2 балдық және 01:36-да сезілмей) Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақарым жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді,  деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы  5 балл, Шымкент 2 балл.

Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді. 

ТЖМ Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының базасында Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, жедел тәртіппен ТЖ жою жөніндегі республикалық жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. 

Бұл штабтарда ТЖМ психологтерін тарта отырып, жедел желі телефондары жұмыс істеуде.

ТЖ министрінің тапсырмасы бойынша, күштер мен құралдар жоғары дайындыққа келтірілді.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының базасында Комиссия Алматы болжамдық полигонының аумағындағы сейсмикалық жағдайға бағалау жүргізеді. Оның қорытындысы бойынша, Комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы дайындалады. 

Комиссияның қорытындысына сәйкес күшті және жойқын жер сілкінісі күтілмейді.