Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды.
Мемлекет басшысы ресми сапармен Алматыға барады
Фото: akorda.kz
783
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы екі күнге жоспары туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады.

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді», деп жазды Берік Уәли желідегі парақшасына.