Болжамды 2 анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0%.
Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының болжамды екі анасының ДНҚ нәтижесі шықты
Фото: әлеуметтік желіден
11,533
оқылды

Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған қазақ баласының болжамды екі анасының тесттерінің нәтижесін жариялады.

"Болжамды 2 анадан алынған тест нәтижесі тағы да 0%. Әрі қарай кеттік. Жәнібек, сенің кімнің баласы екеніңді таппай қоймаймыз", - деп жазды журналист.

22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.