2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Қазақстанның екі облысында 2 жол учаскесі жабылды
Фото: diapazon.kz
1,325
оқылды

23 қаңтар, сағат 18.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Жетісу облысында – 1 учаске

 «Үшарал-Достық» – 84-184  шақырым, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 шақырым.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске

«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» –  0-213 шақырым, Чапаев к.-Қазталов к. – 213 шақырым.

Осы  сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1 381 жолшы жұмылдырылды.