Ер адам 2023 жылғы 26 желтоқсанда үйден шығып кетіп, оралмаған.
Ақмола облысында 1 ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылмай жатыр
865
оқылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2024 жылғы 16 қаңтарда Целиноград ауданының полиция бөліміне Семей қаласының 45 жастағы тұрғынынан 2023 жылғы 26 желтоқсанда үйден шығып кетіп, оралмаған 53 жастағы ағасын іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түсті.

Ер адам екінші топтағы мүгедек, әрекетке қабілетсіз. Мүмкін бағдарсыз. Қазіргі уақытта ол Қоянды ауылында інісімен бірге тұрады деп түсіндірді.

Бұрын хабар-ошарсыз кеткен адам бірнеше күн, айлар бойы үйден бірнеше рет кетіп қалғаны анықталды, бірақ біраз уақыттан кейін ол әрқашан оралып отырған. 

Жоғалған адамның белгілері: бойы 165 см, дене бітімі арық. Ол сұр бушлат, қара тоқылған қалпақ, қара етік және шалбар киген.

Оның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпараты бар кез келген адам құқық қорғау органдарына «102» нөмірі бойынша немесе +7 702 699 0899 нөміріне хабарлай алады.