Бұл туралы бүгінгі Мәжіліс отырысында белгілі болды.
Динара Шүкіжанованың депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
842
оқылды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Динара Шүкіжанованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Парламент Мәжілісінің депутаты Динара Аманжелқызы Шүкіжанова міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Д. Шүкіжанованың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Отырыс барысында палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, Д. Шүкіжанованың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.

«Мәжіліске келгенге дейін депутаттарға қандай орасан зор жұмыс пен жауапкершілік жүктелетінін білмедім. Мен Respublica партиясының тең төрағасы болып қала беремін және халық пен бизнестің мүддесін қорғауды жалғастырамын. Өңірдегі өндіріске оралып жатырмын. Бұл ретте, еліміздің экономикасына одан әрі пайда әкелетініме сенемін», – деді Динара Шүкіжанова.