Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
2 облыста республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: astana.tv
705
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жетісу облысында – 1 учаске:

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

«Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к. – Қазталов к. – 213 км.

Қазіргі сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 648 бірлік техника және 1381 жолшы жұмылдырылды.