Шенеуніктен таяуда ұсталған СҚО білім басқармасы басшысының ісіне қатысты күдікті ретінде жауап алынған.
СҚО-да шенеунік Антикор жауап алғаннан кейін өзіне қол жұмсаған
Фото: polisia.kz
1,632
оқылды

СҚО-да шенеунік Антикордың жауап алуынан кейін өзіне қол жұмсаған. Бұл ақпаратты Антикордың ресми өкілі Арман Тлеукенов растады, – деп хабарлайды Massaget.

Шенеуніктен таяуда ұсталған СҚО Білім басқармасы басшысының ісіне қатысты күдікті ретінде жауап алынған. 

"Біз СҚО-да білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы ақпаратты жария еткен болатынбыз. Оның қарамағындағылардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінде жауап алынғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат пайда болды", – дейді Тлеукенов брифингте. 

Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталған.