Алматы облысында полиэтилен бұйымдарын сақтайтын қойма өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысында қойма өртеніп кетті
783
оқылды

Таңертең тұтанған тілсіз жау әп-сәтте 3600 шаршы метр аумаққа таралған. Өртті екі сағат сөндірді. 

КТК арнасының дерегінше, ТЖД-нің мамандарына өрт туралы хабарлама тым кеш түскен. Сондықтан өрт өршіп кеткен. Күш алған қызыл жалынды сөндіру де оңай болмапты. Алматы қаласы мен Алматы облысынан 18 техника мен 60-қа жуық қызметкер жұмылдырылған.

Зардап шеккен адам жоқ. Жапсарлас нысандарға да зиян тимеген. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін деген болжам ғана бар.