Зілзаланың негізгі ошағы Қытай аумағында жатыр.
Алматы маңында тағы үш рет жер сілкінді
Коллаж: Aikyn.kz
4,129
оқылды

Алматы маңында тағы бірнеше рет жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап. 

5,2 магнитудалық жер сілкінісі 24 қаңтар күні сағат 21:01 кезінде болған. Зілзала ошағы Алматыдан 256 шақырым қашықтықта Қырғызстан мен Қытай шекарасында жатыр. Қазақстан аумағында ол сезілмеген.

Екінші рет жер сағат 21:04 кезінде сілкінген, магнитудасы 5,1. Зізала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым қашықтықта Қырғызстан мен Қытай аумағында жатыр. Қазақстанда бұл жолы да жерасты дүмпуі сезілмеген.

Үшінші рет жер сілкінісі соңғысынан кейін 16 минут өткенде, яғни сағат 22:20-да болған. Магнитудасы 4,8. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 289 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жатыр.