Ол келін болған әулетімен араласпайтынын да жеткізген.
Сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі туралы айтты
3,042
оқылды

Эстрада әншісі Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің анасы туралы ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

“1001 түн” бағдарламасына сұхбат берген өнер иесі жеке өміріне де тоқталды. Айтуынша, күйзелістен енді шығып келе жатқан көрінеді.

“Іштей өзіммен сырластым. Мен әкеме жақынмын. Анаммен сөйлесемін, бірақ қатты сырласпаймыз. Мен әкемнің қызымын ғой. Шынайы қолдау білдіретін құрбыларым бар. Біздің жағдайда мен ешкімді жамандап, жағдайды айтпадым. Қайтадан өшіріп тастайтын жазба жарияламадым. Барынша сабырмен шешуге тырыстым. Шынымды айтсам, оған қатысты ештеңе жазғым келмейді. Сыртынан ештеңе жасағым келмейді. Менің өмірімде маңызды адам болса, оған желіде жазып не істеймін?! Мүмкіндік бар кезде ол әңгімені кездесіп немесе телефонмен айта аламын. Менің ойымша, сыртынан түрткілеп, әр нәрсені жазу дұрыс емес деп ойлаймын. Жеке өмірді мүмкіндігінше қозғағым келмейді. Өйткені ол қазір менің жанымда отырған жоқ. Ешкімді жамандамаймын", - деген Балжан Бидаш.

Ол келін болған әулетімен араласпайтынын да жеткізген.

"Енем өте жақсы адам болды, бірақ араласып, хабарласпаймыз. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім деп айта алмаймын. Өйткені біз бөлек тұрдық", – дейді әнші.

 

Еске салайық, өнер иесі экс-жұбайының жазғандарын жіберетін оқырмандарына ренжіген еді.