Олар бұған дейін Чехияда өмір сүрген.
Шымкенттегі хайуанаттар бағына ерекше жануарлар жеткізілді
2,359
оқылды

Шымкент зообағы хайуанаттардың қатарына 2 аналық, 1 аталық альпака қосты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қымбатты достар, біз Сіздерді қуантуға асықпыз!

Біздің зоосаябағымыз жаңа жануармен толықты. Чехия елінен 2 аналық, 1 аталық альпака жануарын әкелдік. Олардың барлығы 2022 жылы туылған.

Егер сіз альпаканы лама деп ойласаңыз, қателесесіз. Иә, олар бір-біріне ұқсас келеді. Негізінде, альпака түйе тұқымдасына жатады",  деп жазды мекемеден. 

Альпаканың түгі өте төзімді және майсыз, сондықтан одан жасалған бұйымдар ұзақ уақыт бойы ластанбайды. Әлемдегі бірде-бір түк альпаканың түгімен, әсіресе бала альпаканың түгімен салыстырылмайды. Ол қойдың жүнінен жеті есе жылы, іс жүзінде суға төзімді және аллергия тудырмайды.

"Әлі күнге дейін альпакалардың лақап аттары жоқ. Достар, біз сіздерден осы сүйкімді жануарларымызға лақап ат берулеріңізді сұраймыз.

«Тұяқтылар» бөлімінің қызметкерлері ең жақсы лақап атты таңдап алатын болады", делінген жазбада.