Қазгидромет синоптиктері 28 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қалың қар жауады
2,264
оқылды

Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Еліміздің бірнеше аймағында жауын-шашын (көбіне қар) жауады.

Тек солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды", - деп жазды ведомстводан.

Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.