"Қазгидромет" 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді.