ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Air Astana әуе компаниясының IPO-сын өткізу мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында биыл өтуі тиіс екені атап өтілді.
Бүгінде «Самұрық-Қазына» АҚ пен Air Astana компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді.
Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жоспарланған өтініштерді қабылдау процесін бастау үшін компанияның бір қарапайым акциясы мен бір ғаламдық депозитарлық қолхатының баға диапазонын анықтау.