Полицияға педагог хабарласқан.
Астанада 9-сынып оқушысы теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
878
оқылды

Астанада мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратқан оқушының ата-анасы жазаланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға педагог хабарласқан. Ол 9-сынып оқушысы қоңырау кезінде басқа оқушыларға мектепте теракт ұйымдастыру туралы қағаз таратып жүргені туралы айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу қызметкерлері келген.   

Оқушы әзіл ретінде компьютермен жазып, қағаздарды таратқанын мойындаған. Полиция соталды тергеу бастады, қажет сараптама тағайындалған. 

Баланың ресми өкілдері – ата-анасына әкімшілік шара қолданылған. Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кәмелетке толмаған баланың анасына айыппұл салынды.