«Жастар рухы» Жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен отансүйгіштік» деп жастар үшін маңызды үш басымдықты атап өткен болатын.
«Жастарға жұмыс» партиялық жобасының мақсаты – жұмыссыздықты азайту
1,312
оқылды

Еңбекке деген басымдықты іске асыру мақсатында «AMANAT» партиясы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Жастарға жұмыс!» жобасын қолға алды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, іске қосылған жоба жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған.

Жобаның басты мақсаты – жастар арасында жұмыссыздықты азайта отырып, олардың тұрақты жұмысқа тұруына мүмкіндік жасау. Соның арқасында жастар маман ретінде біліктілігін арттырып, кәсібилігін шыңдай түседі.

 

«Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы 2023 жылы «Жастарға жұмыс» партиялық  жобасы аясында  жұмыс беруші 5 мекемемен меморандум жасады. Қалалық «Мансап» орталығымен бірлесіп, 5 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырды. 500-ге жуық жасқа түсіндіру жұмысы жүргізіліп, 31 жас тұрақты және маусымдық жұмысқа шақырту алды. 

Халықаралық  жастар саясатын дамыту мақсатында өткен жылдың қазан айында «Жастар рухы» ЖҚ Қызылорда облыстық филиал төрағасы Ә.Баймұрза іссапармен Өзбекстан мемлекетіне барды. Ташкент облысы «Жастар істері агенттігі» мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы арасында өзара ынтымақтастық келісімге қол қойды. 

Меморандум аясында жастар арасында жұмыссыздықты азайту бойынша бірқатар жоба  жүзеге асырылады.

Биылғы жылы «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалы мен «Инвестмент-Н» және «Ордакент» ЖШС арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды.

 

«Ордакент» ЖШС директоры  Нагима Бермаханова бухгалтерия саласында 13 жылдық өтілі бар үздік маман.  Жас бухгалтерлер мен кәсіпкерлерге жалпыға бірдей декларация және салық тақырыбында консультативтік көмек көрсете алады.

«Инвестмент-Н» ЖШС директоры Нұржан Оңалбаев әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы білімі мен тәжірибесін бөлісу мақсатында жас кәсіпкерлерге тәлімгерлік қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар алдағы уақытта мамандық бойынша студенттерді өндірістік практикадан өтуге және тұрақты жұмыспен қамту бойынша жоспарлы түрде жұмыс істейді.

«Мансап» орталығымен бірлесіп тоқсанына 1 рет жастарға арналған «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін ұйымдастырып, нәтижесінде 100 жасты тұрақты және маусымдық негіздегі жұмыспен қамту жоспарланған.

Сондай-ақ партияның қолдауымен «Ерікті көмекке» қызу желісін іске қосылады. Жобаның мақсаты  әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде және тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда ақпаратты анонимді түрде жедел желі арқылы алып құзырлы органдарға жолдау. Әртүрлі санаттағы қоғам мүшелері кез келген сұрақ, ұсыныс немесе көмек сұрау арқылы ерікті жастардың көмегіне ие бола алады. 

Осы ретте «Жастар практикасы» және қоғамдық негізде 15 жасты  жұмыспен қамту көзделген.