Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.
Еліміздің екі облысында республикалық автожолдар жабылды
1,591
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысында– 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез» – 534-593 шақырым, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек – 59 шақырым.

  • (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Түркістан облысында – 1 учаске:

«Алматы-Ташкент-Термез»  – 593-652 шақырым, Түркістан обл. шек.- Машат к. – 59 шақырым.

  • (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 699 бірлік техника және 1 419 жолшы жұмылдырылды.