Бораннан жол көрінбейді.
Бес өңірде жол жабылды
Фото: Қорғаныс министрлігінен алынды
2,939
оқылды

1 ақпан күні сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды. 

Жамбыл облысында – 1 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 534-593 км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек. – 59 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қостанай облысында – 1 учаске 

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 83 км. 

(Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Түркістан облысында – 1 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 593-652 км, Түркістан обл. шек. – Машат к. – 59 км. (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Ұлытау облысында – 1 учаске 

1.«Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км. (қар, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 773 бірлік техника және 1522 жұмысшы жұмылдырылды.