Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен.
"Әлеуметтік желіде танысқан": Шымкентте жігіт қызды алғашқы кездесуде алып қашқан
Фото: 123ru.net
8,609
оқылды

Шымкентте "қыз алып қашқан" жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жастар әлеуметтік желіде танысқан. Бірнеше ай бойы ғаламтор арқылы сөйлескен. Маңғыстау облысының 22 жастағы тұрғыны оған үйленуге шешім қабылдаған. Бірақ оны болашақ қалыңдықтың пікірі қызықтырмады.

Жас жігіт Шымкентке келіп, таңғы уақытта қыздың дипломалды практикадан өтіп жатқан медициналық мекемесіне барған. Анықтама бюросында жеткізуші екенін айтып, бойжеткенге сыртқа шығуын өтінген. Қыз далаға шыққан бойда оны күштеп көлікке отырғызып әкеткен.

Полиция оқиға туралы хабар ала салысымен, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Toyota Alphard көлігін ұстауға Тұран АПБ-ның жедел уәкілдері жұмылдырылып, көрші өңірлерге бағыттама жіберілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде автокөлік жарты тәулік ішінде Алматы-Самара тасжолында Жалағаш ауылының маңында ұсталды.

Ер адам қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.