Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
923
оқылды

Әңгімелесу барысында Украина президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. 

Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан «Бейбітшілік формуласы» атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.