Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Петропавл-Жезқазған тасжолында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты.
СҚО-да жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысты, адам шығыны бар
570
оқылды

Төтенше оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицейлердің мәліметінше, қайғылы жағдай Есіл ауданына қарасты Покровка және Петровка ауылдарының арасында болған.

Онда Howo жүк көлігі мен Toyota Camry соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің 43 жастағы жүргізушісі қаза болды. Camry көлігінің төрт жолаушысы, оның ішінде 45 және 20 жастағы екі ересек адам мен 15 және 16 жастағы екі жасөспірім ауруханаға жатқызылды.

Полиция таратқан дерекке қарағанда, жүк көлігін 62 жастағы ер адам басқарып келе жатқан.

"Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша сараптама тағайындау және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу үшін материал жинап жатыр", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.