Көз – адамның айнасы, адамның маңызды дене мүшесі.
Көздің  көру қабілетін қалай жақсартуға болады?
Фото: pixabay.com
731
оқылды

Қазіргі ақпараттық технология дәуірінде көзді қорғай білу қажет. Ол үшін қарапайым кеңестерді қаперде ұстасаңыз болғаны. 

Көру қабілетін жақсарту үшін әрбір адам ой еңбегі мен дене еңбегін қатар ұстауы керек. Көздің көру деңгейіне кері әсер ететін зиянды әдеттерден арылған абзал. Алкогольді, энергетикалық сусындарды, темекі шегуді доғару керек. Сонымен қатар тамақтану тәртібіңізді қадағалағаныңыз жөн. Көз көру үшін ең маңыздысы – А дәрумені. Ол сары және ашық қазғылт сары жемістер мен көкөністердің құрамында көп кездеседі. Мысалы, асқабақ, сәбіз, бұрыш, апельсин, құрма. Бұл топқа балық, лимон, орамжапырақ, қызанақ, қаражидекті де қосуға болады. Қызылшаның да көздің көруіне пайдасы мол. 

Көру қабілетін жақсарту үшін спортпен айналысу, таза ауада серуендеу маңызды. Сонымен қатар күннен қорғайтын сапалы көзілдірік киюді ұмытпағаныңыз абзал. 

Көз аса қатты жарыққа қарауға қабілетсіз. Сондықтан жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру маңызды. Жарық экран мен қараңғы бөлменің шағылысуы көз бұлшық еттерін шаршатады. Сол себепті, монитордан түсетін жарық пен бөлмедегі жарықтың бір-біріне үйлесуіне мән беріңіз. 

Тұрақты түрде жасап тұрсаңыз көзге арналған жаттығулар да оң нәтиже береді.

– Көзіңізді жұмып, еркін тыныс алыңыз. Бұл жарық сезгіш клеткалардың қызметіне күш береді.

– Көзіңізбен оңға-солға, жоғарыға-төменге, түрлі бағытқа қарап, жаттығу жасаңыз.

– Екі минут бойы көзді ашып-жұмыңыз. Бұл көз ішіндегі қан айналымды жақсартады.

– Көзді 3-5 секунд жұмып, сосын қайта ашыңыз. Осыны 7 рет қайталау қажет. Жаттығу көз бұлшық еттерінен қысымнан арылтып, қан айналымын жақсартады.