Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы мәлімдеді.
Бес облыста республикалық жолдар жабылды
668
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жамбыл облысында – 1 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) – 79 км (тұман, шектеулі көрініс, жел)

Жетісу облысында  1 учаске

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км. (боран, шектеулі көрініс)

Қарағанды облысында  1 учаске

1. «Екатеринбург-Алматы, Солтүстік-Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а. – Новостройка а. – 16 км. (қар, боран, шектеулі көрініс)

Қостанай облысында  1 учаске

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты)

Ұлытау облысында  1 учаске

1. «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. – 115 км. (боран, шектеулі көрініс)

Республикалық маңызы бар автожолдарда 337 бірлік техника және 457 адам жұмылдырылды.