Бұл ретте бензинмен жүретін көліктерді минус 7-ден төмен температурада, ал дизельді көліктерді көшеде нөлден төмен температура болғанда тексеру мүмкін болмайды.
Алматыдағы Sergek лас түтін шығаратын көліктер туралы мәліметтерді де тіркейді
730
оқылды

10 ақпаннан бастап Sergek Group компаниясы лас түтін шығаратын алматылық көліктер туралы мәліметтерді полицияға береді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Зерттеу барысында анықталған лас түтін шығаратын көліктердің тізімдері 10 ақпанда полицияға тапсырылады. Осылайша, патрульдік қызметшілер көлік ағынындағы тәртіп бұзушыларды анықтап, оларды тоқтатуға және тексеру үшін экологиялық бақылау бекеттеріне жіберуге заңды негіздерге ие болады”, – деп мәлімдеді Sergek Group компаниясының өкілдері Kolesa.kz сайтына.

2023 жылдың желтоқсанында Sergek сынақ режимінде уыттылық пен түтін нормаларын бұзған автокөліктерді анықтауды бастады. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап экосенсорлар толықтай жұмыс істеп тұр.

Экопосттардағы шығарындылар май температурасы мен иінді біліктің айналу датчиктерін қосу арқылы қатаң түрде нормативтік құжаттарға сәйкес төмен және жоғары жылдамдықта көрсеткіштерді бөлек қабылдайды.

“Бұл ретте бензинмен жүретін көліктерді минус 7-ден төмен температурада, ал дизельді көліктерді көшеде нөлден төмен температура болғанда тексеру мүмкін болмайды”, – делінген ақпаратта.