Қаңтар айының басында Хаге Гейнгоб өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған.
Намибия халқының сүйікті президенті 82 жасқа қараған шағында көз жұмды
Москва 24
556
оқылды

Намибия президенті Хаге Гейнгоб 82 жасында дүние салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БАҚ-тағы дерекке қарағанда, қаралы хабарды президент кеңсесінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында вице-президент Нанголо Мбумба жариялаған.

“Намибия Республикасының сүйікті президенті Хаге Гейнгоб бүгін, жексенбі, 2024 жылғы 4 ақпанда, шамамен таңғы сағат 12:04-те өзі медициналық ем қабылдап жатқан “Леди Похамба” ауруханасында қайтыс болғанын үлкен қайғымен және өкінішпен хабарлаймын”, – делінген мәліметте.

Өмірінің соңғы сағаттарында мемлекет басшысының жанында әйелі мен балалары болғаны айтылады.

Қаңтар айының басында Хаге Гейнгоб өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын хабарлаған. Кейін ол емделуге АҚШ-қа барды, бірақ бірнеше күннен кейін Намибияға қайта оралды.

Жақын арада министрлер кабинеті президенттің қайтыс болуына байланысты "қажетті үкімет шараларын қабылдау" үшін жиналатынын жеткізді.