Қазақстанда цифрлық валютаның орнауын көпшілік айтулы оқиғаға теңейді.
Цифрлық теңгенің анықталмаған "қауіптері"
1,075
оқылды

Бүгінде цифрландыру жүйесі барлық салаларда орнауда және ұлттық валюта да бұл өзгерістерден тысқары қалмады. Ұлттық банк 2023 жылдың соңында пилоттық жобаны іске қосатынын хабарлады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол арқылы халықтың кей бөлігі әлеуметтік төлемдерді цифрлық ақша үлгісінде алып, осындай қаржыны мемлекеттік сатып алуларда қолдана бастайды.

ҚАРЖЫ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЦИФРЛЫҚ ТЕҢГЕМЕН ҚОРҒАУ

Цифрлық теңге толық айналымға түспей жатып, түрлі жалған нұсқаларымен қаптады. Мысалы, қауесеттердің бірінде оның қолма-қол және қолма-қол емес ақшаны толыққанды ауыстыратыны туралы айтылған. Алайда өткен жылдың соңында Ұлттық банк қауесеттердегі мәліметтерді жоққа шығарып, алаяқтар жаңа валютаға деген қызығушылықты өз мақсаттарында пайдалануы мүмкін екенін ескертті. Сандық валютамен жүзеге асатын транзакциялардың қауіпсіздігі өткір мәселеге айналды. Транзакцияны қорғаудың арнайы жүйелері болмауы мүмкін, сондықтан виртуалды әмияндар мен банк карталарынан ақша ұрлану қаупі бар. Бүгінде алаяқтар біршама технологиялық кедергілерден өту жолдарын меңгеріп үлгерген. Үйреншікті банк аударымдарына қарағанда цифрлық валюталық аударым деректерін қадағалау әлдеқайда оңайырақ, бұл да шабуылдаушылардың жұмысын жеңілдетіп тұр. Бұдан бөлек, аталмыш саладағы алаяқтық фактілері қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналымдарға қарағанда көбірек болуы ықтимал. Оған себеп: көпшіліктің цифрлық ақша туралы түсінігінің аздығы. Сондықтан алғашқы кезде заңсыз транзакциялардың саны көп болуы мүмкін.

ҚҰПИЯЛЫҚТЫҢ БОЛМАУЫ

Кейбірі цифрлық ақша, криптовалютаның бір үлгісі болып, өз иесінің құпиялығын сақтайды деседі. Онда ақша жіберушінің аты-жөні, сома жіберген мекенжайы мен уақыты көрсетілмейтін блокчейндер болады. Соның өзінде көптеген ірі криптовалюталық биржалар тіркелушілерден өздерін растауын сұрайды. Мәселен, Bybit-тегі жеке кабинетке тіркелу үшін өз деректеріңді растауға тура келеді. Бірақ өзің туралы ақпараттарды жасыратын платформалар да жоқ емес. Цифрлық теңгемен құпиялылық сақталуы екіталай, өйткені қолма-қол емес ақшаны бақылағандай цифрлық валютаны да бақылауға болады. Мысалы, виртуалды ақшаның көмегімен сот орындаушыларынан кірістерді жасыру мүмкін емес, себебі уәкілетті органдар мұндай шотқа да тыйым салып, ақшаны есептен шығаруы мүмкін.

ИНФЛЯЦИЯ КЕЗІНДЕГІ ҚҰНСЫЗДАНУ

Басқа ақша түрлері секілді инфляция өскен жағдайда, теңге құнсыздана бастайды. Цифрлық ақшаны жиналған ақшаға процент қосатын банк депозиттерімен немесе өзге де инвистициялық құралдармен шатастырмау керек. Бұл да қарапайым ақша секілді жұмыс істейді, егер ол қозғалмай бір орында тұрса, бірнеше ай немесе жылдан кейін инфляция өскендіктен құндылығы азаяды. Депозиттерді ашу немесе цифрлық валютаны басқа жолмен инвестициялау жолдары әлі қарастырылмаған.

ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАҒА АЛМАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ

Көптің цифрлық ақшадан қашқақтайтын басты қорқынышы оны қолма-қол ақшаға айырбастай алу мүмкіндігіне байланысты. Барлық операциялар мобильді қосымшадағы банк шоты секілді виртуалды әмиян арқылы жүзеге асады. Электрондық валютаны да, сіз жеке қосымшаны орнатып немесе интернет банкинг арқылы пайдалана аласыз. Оның көмегімен қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асырып, интернет дүкендерде және офлайн режимде төлем жасап, аударымдарды жүзеге асыруға болады. Дегенмен «қосымша» операция пайда болады, бұл – ақшаны айырбастау. Мысалы, цифрлық ақшаны әмиянға салу үшін алдымен басқа шоттан нақты ақшаны аудару керек. Тариф 1:1 болады, сол себепті ақша иесі ештеңені жоғалтпайды.

Көпшілікке сауда орындарында төлем жасау қиындық тудырады. Тауарды немесе қызметті сатып алу үшін NFC мен QR технологияларын пайдалану керек. Ол үшін заманауи, осы мүмкіндіктерді қолдана алатын смартфон қажет. Қазіргі уақытта бұл жоба пилоттық режимде жұмыс істеп жатқандықтан, мұндай ақшаны пайдалану жүйесі әлі пысықталуда. Ұлттық банк цифрлық ақшаны сақтауға мүмкіндік беретін банк карталары секілді цифрлық шотты шығаруды қарастыруда.