Қазақстандық спортшылар Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды.
Тарихи жеңіс: Қазақстандық команда синхронды жүзуден әлем чемпионы атанды
1,963
оқылды

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан алғаш рет алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады», – делінген хабарламада.

Күміс медальді Қытай құрамасы, ал қоланы Мексика командасы иеленді. 

Ел тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмаған.