Нейрон желілері саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан аудиожазба фейк екенін айтты.
"Тина Канделаки мен Нұрлан Сабуров" арасындағы жанжал: сарапшы аудиожазбаны тексеріп көрді
Фото: Коллаж
966
оқылды

Желіде әзілкеш Нұрлан Сабуров пен журналист Тина Канделаки арасындағы телефон арқылы сөйлескен аудиожазба тарап жатыр. Онда журналист әзілкешке "өзін және Ресейді жақтайтын" пікір білдіруді талап етеді. Бұл аудиожазбаға сарапшы баға берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Нейрон желілері саласындағы сарапшы, AI саласындағы практикалық профессор Айдын Маутхан аудиожазба фейк екенін айтты. 

"Әрине, бұл – фейк. Бірнеше нейрон желілері бар: Heygen, Elevenlabs, олардың көмегімен бір минутта кез келген дауысты "клондап" және кез келген әңгімені келтіре аласыз. Қазір көптеген жасанды интеллект арқылы жасалған кез келген контенттің арнайы белгісі болуы керек деген заң жобасы жасалып жатқанын білемін. Егер белгі болмаса, онда адамға нақты қылмыстық жаза тағайындалуы мүмкін. Менің білуімше, біздің Парламентте де осындай мәселе талқыланды", – деді Маутан.

Еске сала кетейік, ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің жазбасы туралы Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өз пікірін  айтқан болатын.