Астанада балаларды аяусыз ұрған ер адам ұсталды.
Балаларды аяусыз ұрған ер адам ұсталды
Фото: видеодан скриншот
840
оқылды

Көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бейтаныс жігіт ойнап жүрген балалардың бірінің бетінен жұдырықпен ұрған. Екіншісін теуіп, енді бірін қылқындырыпты. Жапа шеккен балалардың ата-аналары бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қалалық полиция департаментінің бөлім бастығы Гүлмира Шрахметова: «Байқоңыр ауданының полиция басқармасы осы тұрғын-үй кешенінің 30 жастағы тұрғынын анықтап ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деді.

Күдікті балаларды ұрғанымен қоймай, болған жайтты ата-аналарыңа айтпаңдар деп қорқытқан көрінеді. 

Жәбірленуші баланың әкесі: «Балам бірнеше сағат бойы айтпады. Кейін беті ісе берді. Анасы екеуміз басында балалармен төбелесіп қалған шығар дедік. Кейін бәрін айтып берді.Әбден қорқып қалған. Есік жабық па деп сұрай береді. Дүкенге жалғыз баруға қорқады. Мектепке жібермей отырмыз», – деді.