Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
2005-2006 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.
2009-2012 жылдары – ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары – ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.
2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.