Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.
Алматыдан 849 шақырым жерде 5,2 магнитудалық жер сілкінісі болды
5,444
оқылды

Ауғанстанда болған жер сілкінісінің күші Алматыда сезілді,  – деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы хабарлады.

"ҚР ТЖМ "ННЦСН и И" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 06 ақпанда Алматы уақытымен 15 сағат 47 мин 18 сек (2024 жылғы 06 ақпанда Гринвич бойынша 09 сағат 47 мин 18 сек) жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 849 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7. MPV магнитудасы 5.2. Эпицентрдің координаттары 37.11° С. Е. 70.88° ш. б. Тереңдігі 15 шақырым. Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштігі жоқ", – деп хабарлайды Сейсмологиялық институты.