Елімізде бір ай бойы «Қауіпсіз жол» іс-шарасы өтеді.
«Қауіпсіз жол»: бір күнде 13 мыңнан астам дерек тіркелді
Фото: polisia.kz
1,954
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, «Қауіпсіз жолға» 10 мыңға жуық полицей жұмылдырылды. 

Республикалық маңызы бар, облыстық, аудандық маңызы бар автожолдарда және қалалар мен елдімекендерде барлығы 3 мыңға жуық автопатруль жұмылдырылды. 

Бір күн ішінде жол қозғалысын қадағалау кезінде 13 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды.

Оның ішінде, көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін – 98, басқару құқығынсыз – 35, 

  • басқару құқығынан айырылғаны үшін – 7, 
  • жылдамдықты асырғаны үшін – 3626, 
  • қарсы жолаққа шығу – 16, 
  • маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін – 651, 
  • авариялық жағдай туындатқаны үшін – 107, 
  • жаяу жүргіншілерге қозғалыста артықшылық бермегені үшін – 263, бағдаршамның тыйым салу сигналына жол жүру – 171. 

Қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережесін бұзу – 1280, 

  • телефонды пайдалану ережесін бұзу – 702,
  • көлік құралын мемлекеттік техникалық байқаусыз басқару – 516, 
  • жалған мемлекеттік нөмірмен жүру – 112, 
  • жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу – 1851, 
  • еңбек және демалыс режимінің ережелерін бұзу – 4, 
  • заңсыз қайта жабдықтау – 124,
  • рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпегендер – 8. 

Петропавлда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Toyota Land cruіser автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама жасалды.