Өрт орнын қарауылдау, су төгу және қоршау үшін жеке құрамнан 264 адам мен 31 техника тартылған.
Семейдегі ірі сауда үйіндегі өрт толықтай сөндірілді
712
оқылды

Семейдегі ірі сауда үйіндегі өрт кеше сағат 20:55-те толықтай өшірілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қаладағы «Ақшың» сауда үйінде 6 желтоқсан күні таңғы сағат 3.00 шамасында өрт шыққан болатын. Өрт сөндірушілер 2 минутта оқиға орнына жеткенде бірінші қабатта сауда бутиктері жанып жатты. Артынша өрт бірден 2-ші қабат пен шатырға таралып кеткен. 

«Ғимарат ішіндегі қою түтін мен ыстық температура, жанғыш материалдардың көптігі және ғимарат құрылысының күрделі болуы салдарынан өрт тез таралып, оны сөндіру жұмыстары қиындады. Тілсіз жаумен күрес барысында 3-қабаттың шатыры ішінара құлады», – деп хабарлады Абай облыстық ТЖД.

Қалалық Мәдениет үйінде ТЖД және Денсаулық сақтау басқармасының психологтары кәсіпкерлермен жұмыс жүргізді. Барлығы 200-ден астам кәсіпкерге шұғыл-психологиялық көмек көрсетілді.

«Өртті сөндіруге ТЖ және Полиция департаменттерінен, апаттар медицинасы орталығынан, ТЖМ 68303 әскери бөлімінен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Ұлттық ұланның 5511 әскери бөлімінен, «Зеленстрой» ЖШС-нен 487 адам, 46 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Қызыл жалын сағат 20.55-те толықтай өшірілді. Оттың шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ақпаратта.

Өрт орнын қарауылдау, су төгу және қоршау үшін жеке құрамнан 264 адам мен 31 техника тартылған.