Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
6 облыста қолайсыз ауа райына байланысты жолдар жабылды
1,043
оқылды

7 ақпан күнгі сағат 09:00-дегі жағдайға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 23 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облысында – 11 учаске:

1. «Самара-Шымкент» 526-610 км, БҚО шекарасынан Қобда кентіне дейін 84 км.

(Батыс Қазақстан облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

2. «Самара-Шымкент» 773-965 км, Бекқұл Баба кентінен Қарабұтақ кентіне дейін 192 км.

3. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 97-255 км, Қандыағаш қаласынан Қарауылкелді кентіне дейін 158 км.

4. «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» 0-150 км, Қандыағаш қаласынан Бершоғыр кентіне дейін 150 км.

5. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 46-97 км, Алға қаласынан Қандыағаш қаласына дейін 51 км.

6. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 13-46 км, Ақтөбе қаласынан Алға қаласына дейін 33 км.

7. «Ақтөбе-РФ шек (Орск)» 39-136 км, Шәмші Қалдаяқов кентінен – РФ шекарасына дейін 97 км.

8. «Самара-Шымкент» 610-702 км, Қобда кентінен Маржанбұлақ кентіне дейін 92 км.

9. «Ақтөбе-Мәртөк-РФ шек.» 22-64 км, Эко Ойл ЖҚС-Лидер ЖҚС – 42 км.

(жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

10. «Ақтөбе-Атырау-РФ шек.» 255-330 км, Қарауылкелді кентінен Атырау облысының шекарасына дейін – 75 км.

(Атырау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады

11 «Самара-Шымкент» 965-1153 км, Қарабұтақ кентінен - М-32 және А-26 жолайырық 188 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді

Жетісу облысында– 1 учаске:

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін 100 км.

(жел, бұрқасын, шектеулі көрініс)

Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.