Азық-түлік қауіпсіздігі алдағы 5-10 жылда ең өзекті мәселеге айналатынын саясаткерлер мен ғалымдар жарыса айтуда. Aikyn.kz сайтында кеше бидай өнімділігін арттыратын бактериялар туралы материал жарияланды. Бүгін сол тақырыптың жалғасы ұсынылады.
Жүгері өнімділігін екі есеге арттыратын бактериялар табылды
Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock
2,091
оқылды

Егіннің шығымын өсіру мәселесі агротехника ғылымы үшін өзекті тақырып екені белгілі. РИА Новости сайты ауыл шаруашылығы мамандары үшін тағы бір жаңалықты жария етті. Сібір ғалымдары ұсынған бактерия жүгерінің өнімділігін қалай өсіретінін Aikyn.kz ресейлік агенттіктің материалына сүйеніп талдайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды

Томск мемлекеттік университетінің (ТМУ) биологтары жүгерінің өсуін тездететін және өнімділігін 1,7 есе арттыратын пайдалы бактерияларды қолдану жолын тапты. 

Жүгері – әлемдегі ең танымал он ауыл шаруашылығы дақылының бірі. Дегенмен, зиянкестердің 200-ден астам түрі мен ауру қоздырғыштардың 28 түрі жүгеріге зиян келтіріп, егін өнімділігін 30%-ға дейін төмендетеді.

Зиянкестермен күресу үшін пестицидтер қолданылады, олардың тиімділігі жоғары болғанымен, қоршаған ортаға, соның ішінде адамға және қоршаған ортаға, топыраққа теріс әсері көп.

Жүгеріні балалар да, ересектер де жақсы көреді. Фото 24health.by сайтынан алынды

«ТМУ ғалымдары өсімдіктерді қорғаудың анағұрлым экологиялық таза әдісін тапты. Жүгерінің әртүрлі зиянды факторларға төзімділігін арттыру үшін биологтар Bacillus, Azotobacter, Lactoplantibacillus, Pseudomonas бактериялары мен Saccharomyces ашытқыларының пайдалы қоспасын пайдаланды», – делінген хабарламада.

Ғалымдар микроорганизмдердің зерттелген және сыналған топтарын пайдалану жүгеріні экологиялық таза жолмен өсіруде бактерияларды қолдануға және пестицидтерсіз қауіпсіз өнімдер алуға болатынын дәлелдеген.

«Зерттеулерде біз бактериялар мен ашытқылардың бірнеше түрлі композицияларын қолдандық. Екі композиция басқа нұсқалармен салыстырғанда ең жоғары тиімділікті көрсетті. Олармен жүгері тұқымдарын өңдеу бақылау нұсқасымен салыстырғанда хлорофилл концентрациясын жоғарылатты. Фотосинтезге жауап беретін хлорофилл физиологияға және иммундық жүйеге оң әсер етеді. Бұл түптеп келгенде шығымдылықты жоғарылатады. Жүгері тұқымын өңдеген нұсқада масақтың орташа салмағы максималды болды. Ал егіс алдындағы тұқымдарды екінші құраммен өңдегенде, масақтардың саны 1,7 есеге өсті», – дейді биолог Иван Дубовский.

Ғалымдар топырақ микробиотасын жақсарту және жүгерінің өсуін ынталандыру үшін бактериялық топтарды пайдалану жолын тапқан зерттеу генетикалық технологияларды дамытуға жақсы серпін береді деп күтілуде.

Жүгері пайдалы! Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Shutterstock

Жүгерінің пайдасын да біле жүріңіз...

Жүгері – 5 мың жылдай бұрын қазіргі Мексика территориясында өсіріліп, Орталық және Оңтүстік Америкаға тез тараған шөптесін өсімдік. Жүгері ашыққанды өте тез басады, ұзақ уақыт сақталады және құрамында В9, Е дәрумендері мол.

Сонымен қатар РР, В1, В2, В5, С, ниацин, холин бар. Жүгері жармасы өттің тұтқырлығы мен тығыздығын төмендетеді, қандағы билирубин деңгейін төмендетеді. Жүгері көру қабілетін жақсартады, жүрек-қантамыр жүйесін қорғайды және асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады. 

Фото rbc.ru сайтынан алынды. Авторлығы: Unsplash

Жүгері – талшықтың тамаша көзі. Ғалымдар оны қолдану ас қорытуды жақсартатынын және асқазан-ішек ауруларының алдын алатынын айтады. Ұдайы талшықты тұтыну асқазан-ішек жолдарының бірқатар ауруларына, соның ішінде он екі елі ішектің ойық жарасына, іш қатуға және геморройға пайдалы.

Жүгері ерте қартаюдан сақтайды, ол ферул қышқылының тамаша көзі болып саналады. Бұл күшті антиоксидант, ол жасушаларды бос радикалдардың зақымдануынан қорғайды. Нәтижесінде олар жасушалардың қалпына келуіне, қартаю процесін бәсеңдетуге және организмдегі зат алмасу процестерін жақсартуға көмектеседі.