Көктемде баспана алуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама іске қосылады.
Пәтер алу үшін 1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Фото: prodengi.kz
10,830
оқылды

«9-20-25» бағдарламасы 1 наурызда басталады. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша,бағдарламаға қатысушы жаңа үйді жеке құрылыс компаниясынан сатып ала алады. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaТV-ға сілтеме жасап хабарлайды.    

Бағдарламада 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды. Жылына 8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деген жоспар бар. 

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр: «Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылады. Бұған дейін аталмыш мәселе пысықталған. Бағдарлама белгіленген мерзімде (2024 жылдың 1 наурызы) жүзеге асырылатын болады», - деді.

Бұған дейін  Баспаналы болудың жаңа тетігі туралы жазған болатынбыз.